Резиденттік абонементті рәсімдеу

Резиденттік абонемент белгілі бір тұрақ аймағында жеңілдікпен тұраққа қою құқығын береді. Ол тұрақ аймағына іргелес үйде тұрғын үй иесі, тұрақты тіркеуі немесе жалдау шарты бар жеке тұлғаларға ресімделеді. Тиісті мекенжайлары бар тұрақ аймақтарының тізімі осында.

Ережелер мен шарттар:
  • Абонемент 12 ай мерзімге беріледі. Ұзарту үшін мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын қайта өтініш беру қажет.
  • Бір пәтерге тек бір резиденттік абонемент беріледі.
  • Астана қаласы шегінде бір көлік құралына тек бір ғана резиденттік абонемент ресімделеді.
  • Абонементті ресімдеу үшін көлік құралы Астана қаласында тіркелуі тиіс.
  • Абонемент механикалық көлік құралдарына (тракторлар мен ірі габаритті техниканы қоспағанда) ресімделеді.

Резиденттік абонементті ресімдеу үшін:

  1. «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-нің astanapark.kz сайтына тіркеліп, жеке кабинет профилінде көлік құралының мемлекеттік нөмірін (Z001ZZZ, 001PPA01 форматында) көрсетіңіз.
  2. Абонемент беру туралы өтінішті жүктеп алып, толтырыңыз.
  3. Сайтта өтініш беру.

Құжаттарды алғаннан кейін мамандар олардың түпнұсқалығын тексереді. Өтініш мақұлданған жағдайда, резиденттік абонемент сіздің жеке кабинетіңіздегі «Жеңілдіктер/Абонементтер» бөлімінде пайда болады.

Маңызды:

  • Резиденттік абонемент мерзімінен бұрын тоқтатылмайды.
  • Резиденттік абонемент үшінші тұлғаларға қайта ресімделмейді.

Сұрақтар туындаған жағдайда, байланыс орталығына хабарласыңыз: 8-800-080-28-88 (қоңырау шалу тегін).