Паркомат арқылы автотұрақты банк картасының (Visa (оның ішінде PayWave), Maestro және MasterCard (оның ішінде PayPass) көмегімен төлеуге болады.
Паркомат арқылы тұрақ ақысын төлегенде паркомат экраны сенсорлық емес екенін ескеру қажет: барлық командалар пернетақтаның көмегімен орындалады.
Паркомат арқылы тұрақ ақысын төлегенде паркомат экраны сенсорлық емес екенін ескеру қажет: барлық командалар пернетақтаның көмегімен орындалады.
Аталған функциялар тек «Парковки Астаны» мобильдік қосымшасы арқылы немесе сайтта жеке кабинет арқылы көлік тұрағы төленген жағдайда ғана көзделген. www.Astanapark.kz
Маңызды: паркоматты пайдалану кезінде қиындықтар болған жағдайда байланыс орталығына 8-800-080-28-88 телефоны бойынша дереу хабарласуларыңызды сұраймыз.Паркомат тек алдын ала төлем алады. Төлем тұрақ сессиясы басталғаннан бастап алғашқы 30 минут ішінде жүргізілуі тиіс.
Банк картасының көмегімен паркомат арқылы автотұраққа төлем жасау тәртібі:
Қадам 1. Паркоматты жүктеу үшін пернетақтадағы «√» батырмасын басыңыз.
Қадам 2. «Тулар» батырмасын шерту арқылы тілді таңдап алыңыз.
Қадам 3. Көлік құралы тіркелген аймақ нөмірін енгізіңіз (4 сан), «√» батырмасын шертіңіз.
Қадам 4. Көлік құралының мемлекеттік нөмірін енгізіңіз (Мысалы: 111ААА01), «√» батырмасын шертіңіз.
Қадам 5. Банк картасының көмегімен төлеу үшін «+» батырмасын шертіңіз.
Қадам 6. Пернетақтаның төменгі жағындағы " + "немесе" - " батырмаларын пайдалана отырып, көлік құралы тұрақ орнын алатын сағат санын көрсетіңіз, «√» батырмасын шертіңіз.
Қадам 7. Банк картасын карта қабылдағышқа енгізіңіз (немесе картаны контактісі жоқ қабылдағышқа жақындатыңыз).
Қадам 8. Төлегеннен кейін картаны карта қабылдағышынан алып тастаңыз.
Қадам 9. Тұрақ аймағының нөмірі, төленген сома, төленген уақыттың басталуы мен аяқталуы көрсетілген чекті алыңыз.