"Касса 24" терминалдары арқылы төлеу

Назар аударыңыздар! Терминал тек ғана алдын ала төлем қабылдайды.  Көлік тұрағы ақысы тұрақ сессиясының алғашқы 30 минуты ішінде жүзеге асырылуы тиіс.  




Көлік тұрағы ақасын «Касса 24» терминалы арқылы қолма-қол ақшамен төлеу 

1. Терминалдың басты экранында: «Басқа төлемдер» тарауын таңдаңыз.


2. Ашылған  меню  ішінен: «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» тарауын таңдап алыңыз.


3. «Тұрақ ақысын төлеу» қызметін таңдаңыз.



4. Меню ашылған кезде, келесі деректерді енгізіңіз:

тұрақ аймағының нөмірі

көлік құралының нөмірі

көлік тұратын уақыттың  ұзақтығы  (минутпен)

өз телефоныңыздың нөмірі.


5. Аталған деректерді рет-ретімен енгізіңіз  және әрбір келесі  әрекетке  көшпес бұрын «Жалғастыру» батырмасын басып отырыңыз. 

6. Енгізілген деректердің дұрыстығын мұқият тексеріп алыңыз да, «Жалғастыру» батырмасын басыңыз. 


7. Ақшаңызды салыңыз да,  «Төлеу» батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз! Терминал артық ақшаны қайтармайды! Жүзеге асырылған операциядан ауысып қалған ақшаны осы терминалда қолжетімді басқа кез-келген қызмет ақысын төлеу үшін пайдалана аласыз. 



8. Тұрақ ақысын төлеу операциясының сәтті аяқталғаны туралы хабарламаны міндетті түрде күтіп алыңыз.