Жалпы ақпарат «Астана қаласының ақылы көлік тұрағы кеңістігін құру, пайдалану және басқару" Жобасы туралы
Автокөлікті тұраққа қою құны: 1 сағатқа 100 теңгеЖұмыс кестесі: Күн сайын сағат 8: 00-ден 20: 00-ге дейін
Төлеу уақыты: көлікті тұраққа қойған сәттен бастап алғашқы 30 минут ішінде
Тұрақтан шығып кету уақыты: тұрақ сессиясы біткен сәттен бастап 10 минут ішінде
Төлеу ережесі: тұрақ ақысын ұсынылған төлем тәсілдерінің бірін қолдану арқылы төлеуге болады. Тұрақ ақысын төлеудің барлық тәсілдерімен astanapark.kz сайтының "Төлеу тәсілдері" бөлімінде таныса аласыз. Айыппұл мөлшері: тұрақ ақысын төлеуден жалтарған адамға 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, ал мұндай жайт бір жыл ішінде тағы қайталанған болса, айыппұл мөлшері 5 АЕК құрайды.
Жобаны жүзеге асыру мақсаты
«Астана қаласының ақылы көлік тұрағы кеңістігін құру, пайдалану және басқару" Жобасы қаланың көше-жол желісінің жүгін жеңілдету және жаяу жүргіншілер мен көлік құралдары қозғалысы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылған.Жобаның негізгі міндеттері:•
- Көше-жол желісінде көлікті тұраққа қою ережесінің бұзылу жайттары санын азайту;
- Ақылы көлік тұрағы аймақтарында көліктің барлық түрлерінің қозғалыс жылдамдығын арттыру;
- Тұрақ орындары айналымын арттыру;
- Ақылы тұрақтар аймағына кіретін жеке автокөліктер легін қысқарту және тұрғындарды қоғамдық көлікті пайдалануға ынталандыру.
Ақылы көлік тұрағы кеңістігіне қатысты нормативтік құқықтық актілер тізімімен astanapark.kz сайтының "Жоба туралы" бөлімінің "Нормативтік- құқықтық актілер" қосымша парағында танысуға болады. Жоба жайлы және Астананың ақылы көлік тұрағы кеңістігінің жұмысы туралы толығырақ ақпарат алу үшін 8-800-080-28-88 және support@ppa.kz электронды поштасына хабарласуыңызға болады.