Паркомат арқылы тұрақ ақысын төлегенде, паркомат экраны сенсорлық емес екенін ескеру қажет: барлық командалар пернетақтаның көмегімен орындалады.
Паркомат арқылы төленген тұрақ уақытын ұзарту немесе мерзімінен бұрын тоқтату мүмкін емес. Аталған функциялар тек "Астана тұрағы" мобильдік қосымшасы арқылы немесе www.Astanapark.kz сайтындағы жеке кабинет көмегімен төленген жағдайларға ғана көзделген
МАҢЫЗДЫ: Паркоматты пайдалану кезінде қиындықтар болған жағдайда 8-800-080-28-88 телефоны бойынша байланыс орталығына дереу хабарласуларыңызды сұраймыз.
Паркомат тек алдын ала төлем алады. Төлем тұрақ сессиясы басталғаннан бастап алғашқы 30 минут ішінде жүргізілуі тиіс.
Паркомат арқылы тиындармен автотұраққа ақы төлеу тәртібі:
Қадам 1. Паркоматты жүктеу үшін пернетақтадағы « √ » батырмасын шертіңіз.
Қадам 2. «Тулар» батырмасын шерту арқылы тілді таңдап алыңыз, « √ » батырмасын шертіңіз.
Қадам 3. Көлік құралы тіркелген аймақ нөмірін енгізіңіз (4 сан), «√» батырмасын шертіңіз.
Қадам 4. Көлік құралының мемлекеттік нөмірін енгізіңіз (Мысалы: 111ААА01), «√» батырмасын шертіңіз.
Қадам 5. Автотұрақ уақытына тең жеткенге дейін ТИЫНДАРДЫ қабылдағышқа тастаңыз.
Қадам 6. Тұрақ аймағының нөмірі, төленген сома, төленген уақыттың басталуы мен аяқталуы көрсетілген төлем туралы түбіртекті алыңыз.