Астана әкімдігі бекіткен Ережелердің 4 бабынының 11-тармағына, сәйкес, тұраққа рұқсат алуға өтініш берген кезде келесі жеңілдік санаттарындағы азаматтар ақылы тұрақ аймағында көлік құралдарын тегін қоюға құқылы:
- "Алтын қыран" және "Халық қаһарманы" ордендерімен наградталған тұлғалар;
- Мүгедектігі бар балалар және І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралану, контузия, зақымдану немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
- "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана", "Ана даңқы" I, II және III дәрежелі ордендерін алған көп балалы аналар;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдар;
- Әскери қызметтен босатылған немесе әскери жиындарға шақырылған, Ауғанстан Демократиялық Республикасында (бұдан әрі – Ауғанстан) және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерде интернационалдық борышын орындаған азаматтар.
Жеңілдік санаттарына кіретін азаматтар мына сілтеме арқылы ONLINE-ге өтініш бере алады:
Автотұрақ жеңілдігі - механикалық транспорттық құралдарға тағайындалады. Трактор немесе өздігімен жүретін машиналарға және тұрақ өлшемдерінен асатын ірі габаритты құралдарға жеңілдік тағайындалмайды.
Автотұрақ жеңілдігі - бір пайдаланушыға бір көлік құралынан артық емес.
Жеңілдікті ұзарту үшін жеңілдік мерзімінің аяқталуына кемінде 10 (он) күн қалғанда тізімде көрсетілген құжаттарды қайта тапсыру қажет. Айыппұл салмау үшін пайдаланушылар жеке кабинетінде жеңілдіктерінің жарамдылық мерзімін қадағалауы керек.
Жеңілдік тіркелген көлік құралының мемлекеттік нөмірі өзгерген жағдайда, пайдаланушы жеңілдіктер базасынан нөмірді алып тастау туралы өтінішпен support@ppa.kz