Пресс-релиздер

Назар аударыңыз!

24.05.2024 бастап келесі автотұрақтар оңтайландырылды:

2202 2201-мен біріктірілген, жаңа нөмір 2201;  2400 2450 мен біріктірілген, жаңа нөмір 2450;  2454 2455 пен біріктірілген, жаңа нөмір 2455;  2751 2752 мен біріктірілген, жаңа нөмір 2752;  4132 4131 мен біріктірілген, жаңа нөмір 4131;  4133 4131 мен біріктірілген, жаңа нөмір 4131;  4203 4202 мен біріктірілген, жаңа нөмір 4202


23.04.2024 Депутаттарға ақылы тұрақтарды ұйымдастыру жөніндегі шағымдарына жауап берді


15.02.2024 «Сова» жол камерасы. Елордада фото-бейне түсірілім камералары қалай жұмыс істейді


29.01.2024 Астана қаласында үйдің жанында тегін тұрақ қою мүмкіндігі бар мекенжайлар тізімі ұлғайтылды


12.12.2023 Шыңғыс Досымбаев: ақылы тұрақ - елорданың ажырамас бөлігі


05.10.2023 Ақылы автотұрақтарға жақын орналасқан үйлердің тұрғындары 1 қазаннан бастап үйдің жанына көліктерін тегін қоя алады


09.09.2023 Елордада автотұрақ үшін төлем онлайн режимінде болады


20.12.2022 2023 жылы елордада тұрақ құны өзгермейді


28.10.2022 Ақылы автотұрақ елорда бюджетін 2 млрд теңгеге толықтырды


26.10.2022 Елордада ақылы автотұрақтар үшін кейінгі төлем енгізілді


20.10.2022 Елордада автотұрақтар 23, 24, 25 қазанда тегін болады

19.09.2022 Астананың тұрақ кеңістігінде жеңілдіктер алудың жаңа тәртібі

02.08.2022 Нұр-Сұлтанда 1700-ге жуық ақылы тұрақ орындары демонтаждалды


16.05.2022 Елордадаалғаш рет көк жол белгісі пайда болады


10.05.2022 «Парковочное пространство Астаны» ЖШС Бұқаралық ақпарат құралдарының айыптауларына жауап берді


22.04.2022 Елордада бұрыс тұрақ автоматты режимде тіркеледі


24.03.2022 Елордадағы ақылы автотұрақтардың жеңілдіктері

Нұр-Сұлтанда жеңілдетілген санаттағы азаматтарға тегін автотұрақ құқығын тіркеу жалғасуда. «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-де 2945 өтінім сәтті расталды.

«Парковочное пространство Астаны» ЖШС пайдаланушыларды қолдау бөлімінің басшысы Лаура Сәбитқызы өтінішті үйден шықпай – ақ беруге болатынын хабарлады-құжаттарды қабылдау басқарушы компанияның сайтында арнайы форма арқылы жүзеге асырылады.

Елорда әкімдігі бекіткен ережеге сәйкес, азаматтардың келесі санаттары тегін автотұраққа сүйене алады:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері, әскер құрамына кіретін әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілер, жауынгерлік әрекеттер ардагерлері;
  • Бала кезінен мүгедектер, I және II топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек баланың заңды өкілдеріне (сот шешімі бойынша қамқоршыларға) тіркелген көлік құралдары;
  • «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерімен марапатталған тұлғалар;
  • «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
  • Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан радиациялық әсерге ұшыраған адамдар;
  • Ауғанстанның ардагерлері және жергілікті жауынгерлік әрекеттерінің интернационалдық жауынгерлері.

Жеңілдік берушіге тікелей тіркелген көлік тегін тұраққа рұқсат ала алады, үшінші тұлғалардың өтінімдері қабылданбайды. Өтініш беру үшін astanapark.kz сайтында тіркеліп, одан кейін сайттың «Жеңілдіктер» бөліміне өту керек.

Жеңілдікті рәсімдеу үшін тек төрт құжат қажет:

  1. Толтырылған өтініш
  2. Жеке куәлік
  3. Техникалық төлқұжат 
  4. Жеңілдікке құқығын растайтын құжат

Өтініштер 10 күн ішінде қаралады, содан кейін өтініш берушіге растау немесе дәлелді бас тарту туралы электрондық хат жіберіледі.

Ақылы автотұраққа іргелес үйлердің тұрғындары үшін үйдің жанындағы ақылы тұрақтарды пайдаланудың жеңілдік шарттарын қарастыратын резиденттік келісім бар. Құжаттар тізімі мен тіркеу бойынша нұсқаулық astanapark.kz  сайтының «Тұрғындар» бөлімінде орналастырылған. 

Жеңілдікті санаттарға жатпайтын барлық қалған азаматтар үшін ақылы аймақтарда тұрақ күн сайын сағат 20:00-ден кейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері тегін. Жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін тұрақ құны сағатына 100 теңгені құрайды.   



08.02.2022 1 наурыздан бастап Есіл, Сарыарқа, Алматы және Байқоңыр аудандарында ақылы автотұрақтар іске қосылады

Нөмірлері 11**, 2***, 3***, 4*** басталатын тұрақ аймақтары әкімшілендірумен жұмыс режиміне ауыстырылатын болады 

Қала билігі Нұр-Сұлтандағы ақылы автотұрақтардың өзекті тізімін бекітті. Ақылы тұрақ аймақтары Бөгенбай батыр - Сарыарқа – Республика даңғ. – Есіл өзенінің жағалауы квадратында іске қосылады. Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі – Мағжан Жұмабаев даңғылы – Бауыржан Момышұлы даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы квадратында. Есіл ауданында тұрақ аймақтары Сарайшық – Сығанақ көшелерінің, Тұран – Мәңгілік Ел даңғылдарының квадратында жайластырылған. Байқоңыр ауданында - Артем, Шапағат және Әсем базарларының аумағында.

Осы квадраттардағы тұрақ қалталары пайдалану үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. Атап айтқанда, тиісті жол көрсеткіштері, ақпараттық қалқандар мен паркоматтар орнатылды. Елорда тұрғындары ақылы автотұрақтардың орналасқан жері туралы алдын ала біле алады, автомобильдер тұрағының қағидаларымен және төлем тәсілдерімен таныса алады. 

«Ақылы тұрақтың негізгі белгісі 5.15 — «Тұрақ орны» және 7.8 — «Ақылы қызметтер» белгілері комбинациясының болуы болып табылады. Тұрақ орны үшін ақыны автотұраққа кірген сәттен бастап алғашқы 30 минут ішінде төлеу қажет. Құжаттар тиісінше ресімдеген жағдайда мүгедектер мен азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін тұрақ тегін. Тұрақ ережелері туралы толық ақпарат astanapark.kz сайтында орналасқан», — деп мәлімдеді «Парковочное пространство Астаны» ЖШС баспасөз қызметі».

Жаңа ақылы тұрақ орындарын енгізу қажеттілігі елорданың автомобиль жолдарының тым аса жүктелуіне және соның салдарынан жол-көлік оқиғаларының артуына байланысты болды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Парковочное пространство Астаны» ЖШС ауруханалар, емханалар, балабақшалар, мектептер және халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты әлеуметтік объектілердің жанында ақылы тұрақ орындары жабдықталмайды деген бітімгершілік келісімге келді.


Ақылы автотұрақтардың жұмыс тәртібі: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін. Демалыс және мереке күндері тұрақ тегін. Ақылы автотұрақтарды пайдаланудың барлық сұрақтары бойынша Сall-орталыққа жұмыс күндері 8 800 080 2888 нөмірі арқылы сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін хабарласуға болады.

Фотосуреттер сілтеме арқылы



19.01.2022 Нұржол желекжолындағы тұрақ аймақтары штаттық режимде жұмыс істей бастайды

2022 жылғы 19 қаңтардан бастап 10** нөмірлеуден басталатын тұрақ аймақтары әкімшілендірумен штаттық режимде жұмыс істейді, төлем 100 тг/сағ. Нөмірлеу 11**, 2***, 3***, 4*** басталатын тұрақ аймақтары тесттік режимде жұмыс істейді. Тесттік режим кезінде әкімшілендіру жүргізілмейді.

Нұр-Сұлтан қаласы аумағында ақылы тұрақ кеңістігі жобасын іске асыру шарттарын талқылау барысында тараптар даулы мәселелерді реттеп, бейбіт шешімге келді Барлық ақылы тұрақ аймақтары бекітілді және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ теңгерімінде тұр.

Әрбір тұрақ аймағында тиісті жол белгілері мен ақпараттық қалқан орнатылған. Қалқанның жоғарғы жағында тұрақ аймағының төрт таңбалы нөмірі орналасқан. Нөмір барлық тұрақ қалтасы үшін бірыңғай болып табылады және тұрақ үшін ақы төленген кезде көрсетіледі.

Ақылы автотұрақтардың жұмыс тәртібі: жұмыс күндері таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін. Сағат 20.00-ден кейін демалыс және мереке күндері автотұрақтар тегін. Тұрақ ережелері туралы толық ақпарат astanapark.kz сайтында орналасқан. Ақылы автотұрақтардың барлық мәселелері бойынша Call-орталыққа 8 800 080 2888 нөмірі арқылы жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін хабарласуға болады. Суреттер сілтеме бойынша


09.12.2020 Елордадағы ақылы тұрақтар: 2020 жыл қорытындысы және жоспарлар

Ақылы тұрақтар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес 2016 жылы енгізіле бастады. 2020 жылы қалада 4513 тұрақ орны ұйымдастырылды, 128 паркомат орнатылды. Қазіргі уақытта МЖӘ жобасы шартта бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Ақылы тұрақтар жобасының тапсырыс берушісі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі. Жобадан түскен барлық қаражат және салық МЖӘ шартына сәйкес қаланың бюджетіне төленді. «Парковочное пространство Астаны» ЖШС қала бюджетіне төлем жасалғандығы туралы деректі растайтын төлем тапсырмасын ұсынды.

Жыл басынан бері тұрақ жүйесі қызметін 49 мыңнан астам көлік иелері пайдаланды. 387 мың транзакция жасалды. 2020 жылы қала бюджеті ақылы тұрақтар жобасының арқасында 140 млн теңгеден астам сомаға көбейді. Тіркелген және Нұр-Сұлтан қаласының ЖП әкімшілік полиция басқармасына берілген тұрақ ақысын төлемегендер саны 16 мың, төленбеген ақы 133 млн. теңге. Ақылы тұрақтар қолданыла бастаған кезең ішінде бюджетке түскен сома 0,5 млрд. теңгеден асты.

Тұрақ аймақтарын жайластыру кезінде 2020 жылы 3328 ш.м. жол таңбасы салынды. Бір жылдың ішінде «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-нің пайдаланушыларды қолдау бөлімімен 577 жеңілдік берілді, 15 мыңнан астам қоңырауға жауап берілді. Құжаттарын тиісті түрде ресімдеген жағдайда жеңілдігі бар санатындағы азаматтарға тұрақ тегін.

Нұр-Сұлтан қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының мәліметі бойынша бүгінгі күні астанада тіркелген автокөлік саны 360,5 мыңнан астам, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 3.5 % көп. Жобаны жүзеге асыру елорда көшелеріндегі проблемалы аймақтарды босатуға және жол қозғалысының қауіпсіздігін айтарлықтай арттыруға септігін тигізеді.

2020 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін елордада бейнебақылау камералары арқылы 1 млн астам құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде тұрақ ақысын төлеуден жалтарғаны үшін 15,5 мыңнан астам дерек тіркелген. Ақылы тұрақтар жүргізушілерді тәртіпке үйретеді және қала аймағында көлікті ретсіз қоюды жояды. 2018 жылдан 2020 жылға дейін көлікті тұраққа қою ережесін бұзушылық 63 % азайды,  көлік орнының айналымы 4 есеге ұлғайды.

Жобада бюджет қаражаты жоқ. Ақылы тұрақтар жүйесі толықтай 1,8 млрд теңгеден астам жеке инвестициямен жүзеге асырылды. Барлық ақылы тұрақ аймағы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту» ММ балансында.

«МЖӘ шартына қол қою кезінде ҚР заңнамасына сәйкес барлық қажетті рәсім сақталды. 2019 жылдың наурызынан бастап мемлекеттік серіктес негізсіз тұрақ аймақтарын пайдалануға енгізу актілерін қабылдамайды. Осыған байланысты 2020 жылдың тамызында «Парковочное пространство Астаны» ЖШС сотқа мемлекеттік серіктестің шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы туралы талап арыз берді. Алайда, шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудың орнына 2020 жылдың қарашасында мем. серіктес МЖӘ шартын бұзу туралы талап арыз берді. Бұл осы күнге дейін жалғасып жатқан одан әрі соттың істі қарауына әкеп соқты.

Мем. серіктес жүйелі түрде жасап жатқан кедергілерге қарамастан «Парковочное пространство Астаны» ЖШС өзінің шарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындады», – деп мәлімдеді «Парковочное пространство Астаны» ЖШС заң департаментінің директоры Саят Кукебаев.

Компанияның жоспарында Есіл, Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр аудандарында 5 мың тұрақ орнын іске қосу. Ақылы тұрақты іске қосу мерзімі жақындағанда халыққа хабарлау бойынша жұмыстар жүргізіледі.


07.11.2020 «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-нен Нұр-Сұлтан қ. әкімдігіне жауап

«Парковочное пространство Астаны» ЖШС әкімдіктің шарттық міндеттемелерді сақтамағаны және талаптарды елемегені үшін «Парковочное пространство Астаны» ЖШС-мен шартты бұзу туралы сотқа арыз берілгені туралы мәлімдемесін жоққа шығарады. 2020 жылғы 6 қарашадағы жағдай бойынша әкімдік тарапынан МЖӘ шартын бұзуға қатысты ресми хабарламалар болмады.

Біз Қазақстанның елордасындағы ақылы тұрақ кеңістігін басқару саласының пионерлеріміз. Біз - әкімдікке өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамайтындықтарын ашық мәлімдейтін алғашқы МЖӘ жобасымыз. Елорданы тұрақты дамыту жоспарына сәйкес, біздің компания, не басқа компания болғанына қарамастан, ақылы көлік тұрақтарының аумағы ұлғаятын болады.

«Парковочное пространство Астаны» ЖШС шартта бекітілген кестеге сәйкес МЖӘ жобасын жүзеге асыратынын ресми түрде мәлімдейді. Барлық ақшалай қаражат пен салықтар МЖӘ шартына сәйкес қала бюджетіне төленді. Біздің компания жер учаскелерінің меншік иесі болып табылмайды, олар – Нұр-Сұлтан қаласының көше-жол желісінің бөлігі. Жобада бюджет қаражаты жоқ.

Инвестициялар ел экономикасын дамытуда үлкен рөл атқарады және осыған байланысты мемлекеттік органдар инвесторлардың құқықтарын қорғауға қатысуы керек. Алайда, іс жүзінде мемлекеттік органдар инвесторлардың заңды мүдделеріне кедергі келтіреді.

Мемлекет атынан Үкімет инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың кепілі болып табылса да мемлекеттік органдар ҚР заңнамасының нормаларына тікелей қайшы келетін жұмыстар жүргізуде.

Қорытындылай келе, «Парковочное пространство Астаны» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұр-сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ мемлекеттік әріптесін өзінің шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындауға, қажетті қаулыға қол қоюға шақырады.

Біз әрекеттеріміздің заңдылығын негіздеу мақсатында барлық мүдделі тұлғалар үшін ашықпыз. МЖӘ жобасын іске асыру туралы алғашқы күннен бастап бүгінгі күнге дейін құжатпен расталған барлық ақпарат ашық қолжетімділікте компанияның astanapark.kz ресми сайтында «ЖАРИЯ МӘЛІМЕТТЕР» бөлімінде орналастырылған.


03.11.2020 Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі МЖӘ жобасын іске асыруға кедергі келтіруде

«Парковочное пространство Астаны» ЖШС МЖӘ шартында бекітілген кестеге сәйкес МЖӘ жобасын іске асыратынын ресми түрде мәлімдейді. Сонымен қатар, әкімдік тарапынан МЖӘ шартын бұзуға қатысты ресми хабарламалар болған жоқ. Осыған байланысты, 2020 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша МЖӘ жобасын іске асыру кесте бойынша жүріп жатқанын атап өтеміз.

Бұдан басқа, Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі қаланың көше-жол желісін жеңілдету және жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау үшін «Астана қаласының ақылы тұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару» жобасын жоспарлы іске асыру үшін жүйелі түрде кедергілер жасады.

Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылуда. «Парковочное пространство Астаны» ЖШС жоба операторы болып табылады. Ақылы тұрақтарды басқару жобасы өз қаражаты есебінен іске асырылатындықтан, Серіктестік МЖӘ шарты аясында ең үздік жекеменшік әріптес болып табылатынын атап өту керек.

Нұр-сұлтан қаласының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, елорданың көлік бағдарламасы қалада жеке автокөлікті пайдалану тартымдылығын одан әрі азайтуды және жаяу жүргіншілер, велосипед және қоғамдық көлік үшін жол-көлік желісінің қолайлылығы мен қауіпсіздігінің басымдығын, ақылы тұрақ орындарының санын ұлғайтуды көздейді.

МЖӘ жобасын іске асыруға қатысты жалған ақпарат таратпауды сұраймыз. Әйтпесе, серіктестік жалған ақпаратты жариялағаны үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болады.


26.10.2020 Homebank қосымшасы арқылы тұраққа ақы төлеу

Тұрақ үшін төлем әдістерінде Homebank қосымшасы арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болды. Homebank-те тұрақ үшін ақы төлеу кезінде комиссия 0 теңгені құрайды, тұрақты GO!Бонус - 1% тең. Тұрақ бонустармен төленуі мүмкін. Автотұрақты Homebank @halykbank.kz мобильді қосымшасы арқылы комиссиясыз төлеңіз. Төлем туралы мәліметтерді төлемдер тарихынан көре аласыз.

Тұрақ басталған сәттен бастап алғашқы 30 минут ішінде тұрақ ақысын төлеу қажет. Әкімшілік ұйғарымдарды болдырмау үшін біз пайдаланушыларымыздан тұрақ уақытын жоспарлауды және деректерді мұқият енгізуді сұраймыз.

Төлеу жөніндегі нұсқаулық astanapark.kz сайтының «ТӨЛЕУ ТӘСІЛДЕРІ» / Homebank қосымшасы арқылы төлеу бөлімінде орналасқан.


21.10.2020 Астанадағы ақылы көлік тұрақтары қаланың бюджетін 500 млн. теңгеге толықтырды

Ақылы тұрақтардың тікелей қызметі қала бюджетін жалпы сомасы 21,7 млн. теңгеге (түсімдегі үлесі мен салықтар) толықтырды. Қазіргі сәтте фотобейнетіркеудің мамандандырылған мобильді кешендері 200 мыңнан аса бұзушылықтарды тіркеп, қала бюджетін 500 млн. теңгеден асатын сомаға толықтырды.

Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаектың тапсырмасының бастамасы бойынша жүзеге асырылуда. 

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Нұр-Сұлтан қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасына тіркеліп жіберілген тұрақты төлемегені үшін бұзушылықтардың саны 11 мыңды құрады. Өткен жылдағы осы кезең ішінде 23,18 мың бұзушылық тіркелген. Төлемдер мен айыппұлдардан түскен ақшалай қаражат жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша қала бағдарламаларын қаржыландыру үшін қала бюджетіне түседі.

«Кез келген дамыған қала уақыт өте тұрақтарды ақылы етуге мәжбүрлі. Астанада осы тәжірибеге келді. Біздің компаниямыз жер телімдерінің меншік иесі болып табылмайды. Олар Нұр-Сұлтан қаласының көше мен жол желісінің бөлігіне жатады. Жобада бюджеттік қаражат жоқ», – деді өз сөзінде «Парковочное пространство Астаны» ЖШС директоры Чингиз Досыбаев.

Ақылы тұрақтар жүйесі толығымен 1,2 млрд. теңгеден асатын сомаға тартылған жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылды. 2020 жылы жобаны кеңейтуге жұмсалған инвестициялар 600 млн. теңгеден асып, қала бюджетінің жүктелімін төмендетуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың қазан айында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлем қарастырылған «Заңды тұлғаларға арналған абонементтер» жобасы іске қосылды. Корпоративтік абонементтердің пайдаланушыларына электрондық шот-фактуралар мен орындалған жұмыстардың электрондық актілері ұсынылады. Абонемент көліктің мемлекеттік нөміріне бекітіледі. Абонемент иесі арнайы құжаттарды ұсынбастан барлық ақылы аймақтарға көлігін қоя алады. Жүйе автоматты түрде төлемнің бар екендігін анықтайды. Мүгедектер мен азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін «Парковочное пространство Астаны» ЖШС компаниясында құжаттарды тиісті түрде ресімдеген кезде тұрақ тегін.

Қазіргі сәтте Нұржол бульварында 487 тұрақ орны толық жұмыс істеуде. Есіл, Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр аудандарында 5 мың тұрақ орны іске қосылуға дайын. Оларды іске қосу мерзімі қала әкімдігіне байланысты. Ақылы жүйені іске қосу мерзіміне жақын халық арасында ақпарат тарату жұмыстары жүргізіледі. Аталған тұрақ аймақтарын іске қосқан кезде қаладағы ақылы тұрақтардың саны 10 есе артады. Ақылы режимге өту туралы ақпарат БАҚ, astanapark.kz сайтында және «Фейсбук» және «Инстаграм» компанияларының ресми парақтарында жарияланады.

Ақылы тұрақ аймақтарын фотобейнетіркеумен айналысатын мамандандырылған мобильді кешендер бақылайды. Тұрақтардағы бұзушылық фактілері әкімшілік полицияна жіберіледі. Төленбеген тұрақ үшін айыппұл - 3 АЕК. Демалыс, мерекелік күндері, сонымен бірге сағат 20:00-ден кейін тұрақ тегін. Тұрақ құнын тек қана жұмыс күндері таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін төлеу қажет.