Мобилдік қосымша арқылы төлеу

Тұрақ ақысын мобильді қосымша арқылы комиссиясыз төлеңіз.

Astana Parking мобильді қосымшасы арқылы тұрақ ақысын төлеу тәртібі:

1-қадам: Біздің жаңа мобильді қосымшамызды жүктеп алыңыз:

2-қадам: Мобильді қосымшада тіркелу формасындағы барлық жолдарды толтырып, тіркеліңіз (e-mail, құпиясөз, құпиясөзді қайталау, телефон, аты, тегі, жынысы).

Сіз тіркеу формасында көрсеткен e-mail мен телефон нөміріне тіркеуді растау үшін код жіберіледі.

3-қадам: Тіркеуді алдымен e-mail арқылы, содан кейін телефон нөмірі арқылы растаңыз.

4-қадам: Мобильді қосымшаға e-mail мен құпиясөзіңізді енгізіп, кіріңіз.

5-қадам: Тиісті бөлімде соманы және төлем әдісін таңдап, тұрақ шотын банк картасы арқылы немесе ұялы телефон шотынан қаражатты есептен шығару арқылы (KcellActiv, Beeline абоненттері үшін) толтырыңыз.

6-қадам: Картадан көлік құралыңыз орналасқан тұрақ аймағын (тұрақты) таңдаңыз.

7-қадам: «Тұрақты төлеу» түймесін басыңыз.

Төлем формасында тұрақ аймағының нөмірі әдепкі бойынша көрсетіледі.

Көлік құралыңыздың мемлекеттік нөмірін және оның ақылы тұрақ аймағында тұру ұзақтығын көрсетіңіз.

Тұрақ ақысын төлеу кезінде автомобильдің тұрақта тұратын сағат санын көрсету қажет. 

8-қадам: Төлем параметрлерінің дұрыстығын тексеріңіз. Тұрақ төлемін растаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тұрақ ақысын төлеу кезінде көлік құралының мемлекеттік нөмірін, тұрақ аймағының нөмірін ҚАТЕ көрсету, сондай-ақ бекітілген тариф бойынша тұрақ ақысын ҚАТЕ төлеу 1 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды көздейтін ақылы тұрақты пайдалану қағидаларын бұзу болып табылатынын ескеруіңізді сұраймыз.

 

Astana Parking мобильді қосымшасы арқылы төленген тұрақ уақытын ұзарту тәртібі:

Ақылы тұрақ аймағын пайдаланушылар тұрақты тек төленген тұрақ уақытының мерзімі бітпеген жағдайда ғана ұзарта алады. Төленген уақыт аяқталғаннан кейін көлік құралының жүргізушісі 10 минут ішінде тұрақ орнын босатуы немесе айыппұл салынбауы үшін тұрақ ақысын кез келген ыңғайлы тәсілмен қайта төлеуі қажет.

1-қадам: «Ағымдағы тұрақтар» бөлімінде «Ұзарту» командасын таңдаңыз.

2-қадам: Тұрақты қанша сағатқа ұзарту қажет екенін көрсетіңіз.

 

Astana Parking мобильді қосымшасы арқылы төленген тұрақ уақытын мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі:

1-қадам: «Ағымдағы тұрақтар» бөлімінде «Тоқтату» командасын таңдаңыз.

МАҢЫЗДЫ: Тұрақты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде пайдаланылған уақыт 1 сағатқа дейін дөңгелектенеді. Әрі қарай, пайдаланылмаған сома болған жағдайда, кемінде 1 сағаттық тұрақ құнына тең қаражат қалдығы клиенттің виртуалды тұрақ шотына қайтарылады.