Пост-төлем

Тұрақ ақысы уақытында төленбеген жағдайда, төлемді кейіннен төлеу функциясын қолданып, тұрақ аяқталғаннан кейін жасауға болады. Кейіннен төлеу Astana Parking мобильді қосымшасында, astanapark.kz сайтының жеке кабинетінде, сондай-ақ Kaspi және Halyk қосымшаларында сағат 23:59-ға дейін қолжетімді.

Кейіннен төлеуді жүзеге асыру үшін Astana Parking қосымшасында немесе astanapark.kz жеке кабинетінде «Тәулік ішінде кейіннен төлеу» функциясын таңдап, көлік құралының тұрақта болған нақты уақытын көрсету қажет.

Кейіннен төлеу функциясы тек ақылы тұрақта тоқтаған ағымдағы күннің 23:59-ына дейін ғана қолжетімді.

Кейіннен төлеу функциясын пайдалану үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. astanapark.kz сайтында тіркеліңіз немесе егер тіркелген болсаңыз, логин мен құпиясөз арқылы жеке кабинетке кіріңіз.
  2. Тұрақ шотын ұсынылған тәсілдердің бірімен толтырыңыз: Kaspi, Касса24 қосымшалары арқылы («Тұрақ шотын толтыру» опциясын таңдау) немесе astanapark.kz сайтындағы жеке кабинетте төлем картасымен.
  3. «Төлем әдістері» бетінде «Кейіннен төлеу» батырмасын басыңыз.
  4. Ашылған формада келесі өрістерді толтырыңыз:
    • тұрақ аймағының нөмірі;
    • көлік құралының мемлекеттік нөмірі (нөмірі, сериясы, аймағы);
    • тұрақ сессиясының басталуы;
    • тұрақ сессиясының ұзақтығы (тұрақта тұрған уақытты көрсетіңіз).
  5. «Тұрақ ақысын төлеу» батырмасын басыңыз.