Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеу

Kaspi.kz-пен көлік тұрағы ақысын төлеу оңайырақ бола түсті!
Енді клиенттерімізге көше бойындағы стендтерден көлік тұрағының нөмірін іздеудің қажеті жоқ. Ақы төлеу барысында Мобильді қосымша сіздің геолокацияңыз бойынша жақын жердегі көлік тұрағының нөмірін автоматты түрде анықтайды.

Оны былай жасайды:

1-қадам. Смартфонда геолокацияңызды анықтауға рұқсат беріңіз;

2-қадам. Kaspi.kz бөлімшесіне, «Төлем» бөліміне кіріңіз;


3-қадам. Іздеу жолында «Астана тұрақ ақысын» табыңыз;


4-қадам. Автомобильдің мемлекеттік нөмірін енгізіңіз. Содан кейін «көлік тұрағының нөмірін» басып, түскен мәзірден ұсынылған тұрақ аймағын таңдаңыз. Тұрақ уақытын көрсетіңіз.


5-қадам. Ақысын төлеңіз.

 

Дайын! Міне, бәрі оп-оңай! Сіз қызмет ақысын сәтті төледіңіз. Ақының төленгені туралы ақпаратты «Төлем тарихынан» көруге болады.

Келесі жолы іздемеу үшін оны Таңдаулыға қосып қойыңыз.