Айыппұлдар

Ақылы автотұрақтар Астана қаласы әкімдігінің бекітілген ережелеріне сәйкес жұмыс істейді.

Төленген уақыт аяқталғаннан кейін 10 минуттан кешіктірмей тұрақ орнынан шығу қажет.

Көлік иесіне келесі жағдайларда айыппұл салынуы мүмкін:

  • тұрақ ақысын төлемегені үшін;
  • толық емес мөлшерде төлеген жағдайда;
  • төленген уақыттан 10 минуттан артық асып кетсе;
  • көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзған жағдайда;
  • жол белгілерімен көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда.

Көлікті тоқтату немесе қою ережесін бұзғаны үшін айыппұл 1 АЕК құрайды (ҚР ӘҚБтК 597-бабы, 4-1-бөлігі).

Автотұрақтардағы құқық бұзу фактілері Астана қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасына жіберіледі, ал әрі қарайғы іс-шаралар Әкімшілік полиция басқармасының құзыретіне жатады.

Әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын http://qamqor.gov.kz сайтында тексеруге болады.

Айыппұлды келесі тәсілдермен төлеуге болады:

  • egov.kz қосымшасы;
  • kaspi.kz қосымшасы;
  • halykbank.kz қосымшасы;
  • qamqor.gov.kz сайтында;
  • Екінші деңгейлі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде.

Айыппұл салынбауы үшін жүргізушілерге тұрақ ақысын уақытында төлеуге кеңес береміз.