Жеңілдікті ONLINE тіркеу

Жеңілдікті тіркеуге өтініш беру үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. astanapark.kz сайтында тіркеліп, Жеке кабинет профилінде көлік құралы туралы мәліметтерді (нөмірі, сериясы, аймағы) қосыңыз.
  2. Сайттан өтінішті (үлгі) жүктеп, оны толтырыңыз және қол қойыңыз (көк сиялы қаламмен).
  3. Келесі құжаттарды сканерлеңіз:
    • үлгі бойынша толтырылған және қол қойылған өтініш;
    • жеке басты куәландыратын құжат;
    • сіздің жеңілдікке ие санаттардың біріне жататыныңызды растайтын құжат;
    • көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (техникалық паспорт).
  4. Сайтта өтініш беру.

*Файлдарға қойылатын талаптар: құжаттардың түпнұсқалары 150–300 DPI аралығындағы рұқсатпен түрлі-түсті форматта сканерленеді. Файл көлемі 2 МБ аспауы тиіс.

Ескерту:

  1. Ұсынылған ақпараттың шынайылығы 10 жұмыс күні ішінде тексеріледі. Оң шешім қабылданған жағдайда, тағайындалған жеңілдік сіздің жеке кабинетіңіздің профилінде көрсетіледі. Бас тартылған жағдайда, өтініште көрсетілген электрондық поштаға хат жіберіледі.
  2. Жеңілдік тек Астана қ. әкімдігінің қаулысымен анықталған коммуналдық ақылы тұрақтар аумағында ғана жарамды.
  3. Құқық беретін немесе міндеттерден босататын ресми құжаттарды қолдан жасау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қудаланатынын ескертеміз.