Жиі сұрақтар

ТҰРАҚ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Тұрақ ақысын төлеудің қандай тәсілдері бар?

  • Astana Parking мобильді қосымшасы арқылы;
  • astanapark.kz сайты арқылы;
  • паркомат арқылы;
  • Kaspi.kz қосымшасы арқылы;
  • HalykBank қосымшасы арқылы;
  • «Kassa 24» терминалы немесе сайты арқылы;
  • сондай-ақ, тұрақ қойылған күні сағат 23:59-ға дейін кез келген ыңғайлы тәсілмен, кез келген төлем жүйесі арқылы кейіннен төлеуге болады.

Ақылы тұрақта бір сағаттың құны — 100 теңге.

Тұрақтардың жұмыс кестесі қандай?

Ақылы тұрақтардың жұмыс кестесі: таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін. 

Қосымшадағы жеке шотты қалай толтыруға болады?

Сіз жеке шотты kaspi, kassa24 төлем жүйелері арқылы «Жеке шотты толтыру» опциясын таңдау арқылы немесе жеке кабинетте банк картасымен толтыра аласыз.

Тұрақтың ақылы екенін қалай білуге болады?

Тұрақтың ақылы екендігінің негізгі белгісі 5.15 – «Тұрақ орны» және 7.8 – «Ақылы қызметтер» белгілерінің комбинациясының болуы болып табылады. Сондай-ақ, әрбір тұрақ аймағында барлық қажетті ақпарат көрсетілген ақпараттық қалқан орнатылған. Қалқанның жоғарғы жағында тұрақ аймағының нөмірі орналасқан, осы нөмір арқылы жүйе тұрақ орнын тексереді. Нөмір бүкіл тұрақ аймағы үшін бірыңғай болып табылады және тұрақ ақысын төлеу кезінде көрсетіледі.

Неліктен сағатына 100 теңге?

Ақылы тұрақ қызметтері үшін тариф мөлшері Астана қ. әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 108-2602 «Елордада тұрақ үшін ақы алуға және көлік құралдарының тұрақ уақытын есепке алуға арналған арнайы сертификатталған құрылғылармен жабдықталған орындарда тарифті айқындау туралы» қаулысымен бекітілген.

Қанша уақыт тегін тұруға болады?

Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, ақылы тұрақ аумағында жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін көлік құралдарын 5 минуттан аспайтын уақытқа қысқа мерзімге тоқтатуға рұқсат етіледі.

Паркомат арқылы кез келген аймақ үшін төлем жасауға бола ма?

Иә, паркомат белгілі бір аймаққа байланбаған, кез келгенінің көмегімен кез келген тұрақ аймағындағы тұрақ үшін төлем жасауға болады, тек көлігіңіз тұрған тұрақ аймағының нөмірін көрсету қажет.

Бір аймақ үшін төлеп, басқа аймаққа тұруға бола ма?

Жоқ, төлем жасау кезінде сіз тұрған аймақтың нөмірін көрсету қажет. Әйтпесе, сізге әкімшілік айыппұл салынады.


Резиденттік келісімді ресімдеуге кім құқылы?

Ақылы тұраққа жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін үй жанындағы ақылы тұрақты жеңілдікпен пайдалануға мүмкіндік беретін резиденттік келісім бар. Құжаттар тізімі мен ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты astanapark.kz сайтындағы «Резиденттер» бөлімінен таба аласыз.

Шетелдік нөмірлермен тұрақ ақысын қалай төлеуге болады?

Тұрақ ақысын төлеу тәсілдері:

  • Kaspi.kz және halykbank.kz қосымшалары. «Төлемдер» бөлімі. Жолдарды толтыру кезінде автомобиль нөмірін «Мемлекеттік нөмір» бағанына толығымен енгізу қажет. Қосымшалар қазақстандық және шетелдік нөмірлерді бірдей оқиды.
  • Astana Parking мобильді қосымшасы және astanapark.kz сайтындағы жеке кабинет. «Арнайы нөмір» бағанын таңдау. Нөмірін, сериясын және аймағын көрсету.
  • Паркомат арқылы қолма-қол ақшамен төлеу. Паркоматты іске қосу үшін пернетақтадағы «√» түймесін басыңыз. Экран сенсорлық емес, барлық командалар пернетақта арқылы орындалады. Деректерді ретімен енгізіңіз. Автокөлік нөмірін енгізу кезінде сары «Стандартты емес нөмірлер» түймесін басыңыз. Паркомат 10, 20, 50, 100 теңгелік монеталарды қабылдайды.
  • Касса 24 терминалдары. «Басқа төлемдер» / «Астана қ. тұрақ кеңістігі» / «Тұрақ үшін төлем» бөлімін таңдаңыз.

КЕЙІННЕН ТӨЛЕУ

Тұрақ ақысын бірден төлеуді ұмытып кетсеңіз не істеу керек?

Тұрақ ақысы уақытылы төленбеген жағдайда, төлемді кейіннен төлеу функциясын қолдана отырып, аяқталғаннан кейін жасауға болады.Функция кейіннен төлеу тек Astana Parking мобильді қосымшасында және astanapark.kz жеке кабинетінде қолжетімді.

Кейіннен төлеу функциясын пайдалану үшін Astana Parking қосымшасында немесе astanapark.kz жеке кабинетінде «Тәулік ішінде кейіннен төлеу» функциясын таңдап, көлік құралының тұрақта тұрған нақты уақытын көрсету қажет.

! Кейіннен төлеу функциясы ақылы тұраққа тоқтаған ағымдағы күннің сағат 23:59-ына дейін ғана қолжетімді.


ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР

Ақылы тұрақ не үшін қажет?

Ақылы тұрақтар – бұл заманауи қала үшін трафикті реттеудің жалпыға танылған құралы. Ақылы тұрақтар елордаға негізгі жол-көлік мәселелерін шешуге көмектеседі. Тұрақ үшін ақы енгізу қаланың көше-жол желісін жеңілдетуге және жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының ыңғайлы қозғалысы үшін жағдай жасауға ықпал етеді. Бұл жүргізушілер үшін қоғамдық кеңістікті жауапкершілікпен пайдалануға, жол жүрісі қағидаларын сақтауға және тұрақ уақытын жоспарлауға ынталандырады. Осылайша, күні бойы қалдырылған көліктердің саны азайып, тұрақ кеңістігін көбірек жүргізушілер пайдалана алады.
Сондай-ақ, ақылы тұрақтарды енгізудің ілеспе артықшылықтары бар, мысалы: таңбалаулар мен бұзушылықтарды тіркеу қызметтерінің тұрақты аралауы арқасында тәртіп орнату, тұрақ ережелерін бұзуды азайту (екінші қатарлар мен күні бойы тасталған көліктер болмайды), ақылы тұрақ аймақтарында шұғыл қызметтер үшін ыңғайлы өту жолдарының болуы.

Қандай негізде тұрақ ақылы болады?

Негізі:

  1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексі
  2. «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ Заңы
  3. Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 108-1875 «Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысы
  4. Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 108-2602 «Елордада тұрақ үшін ақы алуға және көлік құралдарының тұрақ уақытын есепке алуға арналған арнайы сертификатталған құрылғылармен жабдықталған орындарда тарифті айқындау туралы» қаулысы
  5. «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 296 Заңы


Ақылы тұрақтардан түскен ақша қайда жұмсалады?

Төлемдер мен айыппұлдардан түскен қаражат жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша қалалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін қала бюджетіне түседі.

«Астана қаласының тұрақ кеңістігі» ЖШС өз қызметін қандай негізде жүзеге асырады?

«Астана қаласының тұрақ кеңістігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі мәтін бойынша – Серіктестік) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ сәйкес әрекет етеді. Астана қаласы әкімдігінің 02.12.2016 жылғы қаулысымен жекеше серіктесті анықтау бойынша конкурстық комиссия құрылды. «Астана қаласының ақылы тұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару» МЖӘ жобасын бастамашылық ету сияқты, жекеше серіктесті анықтау бойынша конкурстың өткізілетіні туралы конкурс ұйымдастырушысының әлеуетті жекеше серіктестерді хабардар етуі Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланды.
Жоба бойынша барлық есептеулер МЖӘ шарты жасалғанға дейін ақылы тұрақ кеңістігін басқару жобасын қорғау шеңберінде тиісті мемлекеттік органға ұсынылды.
Айта кету керек, Серіктестік МЖӘ шарты шеңберінде ең үздік жекеше серіктес болып табылады, өйткені ақылы тұрақтарды басқару жобасы Серіктестіктің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады және бюджеттен инвестицияларды қайтаруды көздемейді.
Жер учаскелері көше-жол желісінің бір бөлігі болып табылады, бұл «Астана қаласының тұрақ кеңістігі» ЖШС-не пайдалануға беру мүмкіндігін жоққа шығарады. МЖӘ жобасы туралы толық ақпаратпен astanapark.kz сайтында «Нормативтік-құқықтық актілер» бөлімінде танысуға болады.

Неліктен «Астана қаласының тұрақ кеңістігі» ЖШС МЖӘ конкурсын жеңіp алды?

Астана қаласы әкімдігінің 02.12.2016 жылғы қаулысымен жекеше серіктесті анықтау бойынша конкурстық комиссия құрылды. МЖӘ жобасын бастамашылық ету сияқты, жекеше серіктесті анықтау бойынша конкурстың өткізілетіні туралы конкурс ұйымдастырушысының әлеуетті жекеше серіктестерді хабардар етуі 2017 жылы Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланды.
«Астана қаласының тұрақ кеңістігі» ЖШС өз қызметін жасалған МЖӘ шарты, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы «Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырады.


Қарды кім жинайды және тұрақтарды кім тазалайды?

Астана қ. әкімдігі мен «Астана қаласының тұрақ кеңістігі» ЖШС арасында жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары бойынша ақылы тұрақтар аумағын тазалау қаланың коммуналдық қызметтерінің құзырында. Ақылы тұрақтарды орналастыруға бөлінген жер учаскелері көше-жол желісінің бір бөлігі болып табылады және Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық меншігінде, тиісінше, Мемлекеттік серіктес абаттандыру, яғни жол төсемін тазалау және жөндеу бойынша шығындарды көтереді.

Абонемент бағасы қалай қалыптасады?

Абонемент құны тұрақ сағатының құнын ескере отырып, жеңілдікпен есептелген.  Мысалы, тұрақ орны үшін сағатына 100 теңге мөлшерінде тұрақты төлем жасағанда, пайдаланушылардың тұраққа жұмсайтын шығындары орта есеппен айына 24 000 теңгені құрайды. Бұл ретте абонемент құны барлық аймақтарға айына 15 000 теңгені және бір аймаққа айына 9 000 теңгені құрайды, бұл тиісінше 40% және 60% арзан.

Тұрақ қанша уақытқа созылатынын білмейсіз бе?

Сессияларыңызды төлеу және басқару үшін Astana Parking мобильді қосымшасын орнатыңыз. Тұрақ ақысын артығымен төлеп, қалаған уақытыңызда мерзімінен бұрын аяқтаңыз. Пайдаланылмаған қаражат тұрақ шотыңызға қайтарылады.

Қосымша AppStore және GooglePlay-де қолжетімді.

Автокөлік иелеріне арналған тұрақ абонементі деген не?

Астана қ. ақылы тұрақтарын пайдаланушылар тұрақ ақысын төлеу үшін 1 күнге және 1 айға жарамды абонементтерді сатып ала алады. Абонемент сатып алған автокөлік иесі сағаттық төлемсіз тұраққа қоя алады.

Абонементті сатып алғаннан кейін автомобильді елордадағы кез келген бос ақылы тұрақ орнына қоюға болады, қосымша ештеңе көрсетудің қажеті жоқ – жүйе төлемнің жасалғанын өзі түсінеді.

Абонементті astanapark.kz сайтындағы пайдаланушының жеке кабинетінде АБОНЕМЕНТТЕР бөлімінде немесе Astana Parking мобильді қосымшасында сатып алуға болады.


 

АЙЫППҰЛДАР

Тұрақ ақысын төлемесе не болады?

Сізге ҚР ӘҚБтК 597-бабы, 4-1-бөлігі бойынша тұрақ ақысын төлеуден жалтарғаныңыз үшін 1 АЕК мөлшерінде айыппұл келеді.

Әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын http://qamqor.gov.kz сайтында тексеруге болады.

Айыппұлға қалай шағымдануға болады?

Әкімшілік айыппұлдарға шағымдану мәселесі бойынша Астана қ. Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика бөліміне хабарласу қажет.

Тұрақтағы бұзушылықтарды тіркеу қалай жүреді?

Ақылы тұрақ аймақтарын сертификатталған фото-бейне тіркеу құралдары бар мамандандырылған көлік құралдары патрульдейді. Тіркеу үшін «Дозор-М» бағдарламалық-аппараттық кешендері (бұдан әрі – Кешен) қолданылады.

Жұмыс принципі: кешен автомобиль нөмірін танып, тіркейді, GPS/ГЛОНАСС арқылы анықталатын нақты орны мен уақытын белгілейді, тіркелген деректер мобильді байланыс модульдері арқылы нақты уақыт режимінде өңдеу орталығына жіберіледі, онда алынған фотосуреттер мен төлем деректері негізінде бұзушылық туралы тиісті құжат автоматты түрде қалыптастырылады.


ЖАУАПКЕРШІЛІК

Егер менің көлігімді сырып кетсе немесе ұрлап кетсе не істеуім керек?

Тұрақ автомобильдерді сақтау орны болып табылмайды, «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС көлік құралдарының сақталуына жауапкершілік көтермейді. Жалпы әлемдік тәжірибеге сәйкес, ашық үлгідегі көшедегі ақылы тұрақтар тұжырымдамасы тұрақтағы көлікті күзетуді қарастырмайды.

Тұрақ аумағындағы форс-мажорлық жағдайлар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.


ЖЕҢІЛДІКТЕР

Тұраққа жеңілдікті қалай ресімдеуге болады?

Жеңілдікті санаттарға жататын тұлғалардың тізімі және жеңілдікті ресімдеуге арналған онлайн-өтініш «ЖЕҢІЛДІКТЕР» бөлімінде орналастырылған.

Маңызды! Оң нәтиже болған жағдайда, берілген жеңілдік astanapark.kz сайтындағы пайдаланушының жеке кабинетінде көрсетіледі.

Жеңілдік алу үшін көлік құралы техникалық паспорт бойынша жеңілдік алушы-өтініш берушінің өзіне тіркелген болуы тиіс. Мүгедек баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері ерекшелік болып табылады.

  • Өтініш пен құжаттар тізімін онлайн форма арқылы жіберіңіз.
  • Өтінімді қарау мерзімі — 10 жұмыс күні.
  • Жеңілдік мақұлданған немесе бас тартылған жағдайда жауап өтініште көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.