Homebank қосымшасы арқылы төлеу

Homebank-те тұрақ үшін ақы төлеу кезінде комиссия 0 теңгені құрайды, тұрақты GO!Бонус - 1% тең. Тұрақты бонустармен төлеуге болады.

1-қадам. Homebank мобильді қосымшасына кіріңіз немесе оны AppStore/Google Play –ден жүктеп алыңыз

2-қадам. Авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

3-қадам. «Төлемдер» бөлімін ашыңыз және осы бөлімге өтіңіз

4-қадам. Іздеу жолында Парковочное пространство Астаны теріңіз

5-қадам. Автокөліктің мемлекеттік нөмірін, телефон нөмірін, тұрақ аймағының нөмірін, тұрақ ұзақтығын минуттармен енгізіңіз және «Тексеру» батырмасын басыңыз

6-қадам. Енгізілген деректерді, тұрақ уақытын және төлем сомасын тексеріңіз. Төлеу үшін шотты таңдаңыз және «Төлеу» батырмасын басыңыз, тұрақ бонустармен төленуі мүмкін

7-қадам. Төлемді растау үшін «Растау» түймесін басыңыз

8-қадам. Төлем қабылданғанына көз жеткізіңіз

Дайын! Сіз таңдаған қызметіңізге төлемді сәтті енгіздіңіз. Төлем туралы мәліметтерді төлемдер тарихынан көре аласыз

Келесі жолы бұл төлемді іздемеу үшін Таңдаулыларға қосыңыз.